Exeltis Казахстан

«EXELTIS» КОМПАНИЯСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

«Exeltis» – бұл қызметі инновацияларға, тамаша нәтижеге қол жеткізуге және денсаулық сақтауға  бағытталған компания. Біздің мақсатымыз  фармацевтикалық саладағы бағдар болу.

Компаниямыз туралы

Денсаулықты жақсарту жолындағы ілгері қадам

«Exeltis» компаниясының пайда болуы – бұл денсаулық  сақтау саласында кешенді кәсіби қызметпен айналысатын «CHEMO» халықаралық тобының фармацевтикалық бизнесінің заңды әрі тұрақты дамуының нәтижесі. Топтағы ноу-хау мен жинақталған тәжірибе «Exeltis» компаниясының ииновациялық ұмтылысымен үйлесім тапқан, бұл компанияның өз қызметін дүниежүзілік ауқымда  жүзеге асырып, әлемнің әртүрлі елдеріндегі миллиондаған адамдардың өмір сапасын арттыруға септігін тигізуі мүмкін медициналық өнімдер мен медициналық жабдықтарды ойлап табуға, жасауға, оларды өндіріп сатуға мүмкіндік береді.

Адамдардың әл-ауқаты мен денсаулығы – жұмысымызды ілгері жылжытатын күш

Адамдар – бұл біздің негізгі бағдарымыз. Әлемнің әртүрлі елдерінде көбірек адам санына үздік мүмкіндіктер ұсыну үшін,  «Exeltis» компаниясы өз өнімдерінің кең сұрыпталымын көбірек науқастың жылдам әрі тиімді пайдалануын қамтамасыз ете отырып, өз қызметін әрбір континентте жүзеге асырып келеді.

Тұрақты даму жолымен ілгерілеп келе жатқан компания

Инновацияларға ұмтыла отырып, біз адамдардың қалыптасқан қажеттіліктерін қанағаттандыратын өнімді жасау үшін, өзіміздің барлық ноу-хау, материалдық және адами ресурстарымызды пайдаланамыз.  Жаңа терапевтік баламалы таңдауларды іздестіре келе, біз күш-жігерімізді өзіміздің шамшыл көзқарасымызды бөлісетін басқа жетекші фармацевтикалық компаниялармен біріктірдік және денсаулық сақтау саласында бірлесіп алға басу мақсатында, олармен ынтымақтастық орнаттық.

Біздің негізгі мақсатымыз екі міндетті көздейді: жоғары дәрежелі тиімді терапевтік құралдар мен шешімдерге қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, миллиондаған адамдардың, отбасылар мен мамандардың күнделікті өмірін жақсарту; сондай-ақ жаңа өнімнің зерттеулері мен зерттемелерін өткізіп,  жаңа әрі үздік терапевтік құралдар мен шешімдер жасау арқылы болашақта денсаулық сақтау саласында келешек перспективаларды жақсартуға септігін тигізу және біздің ұмтылысымыз бен күш-жігерімізге сүйене отырып, дүниенің түкпір-түкпірінде болуымызды қамтамасыз ету.

Exeltis Казахстан

Біздін мақсатымыз

"Біздің құндылықтар - жоғары сапа,
абырой, жауапкерлік және әділдік"

  • Честность

    Мы за честность
    и выгодные условия

  • Честность

    Мы за честность
    и выгодные условия

  • Честность

    Мы за честность
    и выгодные условия

Exeltis Казахстан

Адамдардын денсаулығы және саулығы - біздің мақсатымыз

Exeltis Казахстан
Exeltis Әлемде
Препараттар
300
Профессионалдар
4000
Филиалдар
40

Хабар жазу